ІІМ Ұлттық ұланында Әскери кеңес отырысы өтті

1276
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Елордада Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Сәденовтың төрағалығымен әскердің басшылық құрамы мен өзара іс-қимыл жасайтын органдар өкілдерінің қатысуымен ІІМ Ұлттық ұланы Әскери кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Күн тәртібінде 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әскердің қызметтік-жауынгерлік іс-әрекетінің қорытындыларын талданды.

Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Қайрат Үмбетовтің, сондай-ақ өңірлік қолбасшылықтар қолбасшыларының баяндамалары тыңдалды. Сонымен қатар, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, жауынгерлік даярлықтың жай-күйі, жаңа әскери бөлімдерді жасақтау мәселелері талқыланды.

Министр құқық қорғау жүйесін реформалау жағдайында Ұлттық ұланның әлеуетін нығайту және оның қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындауға дайындығы ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша министр әскери қызметшілер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жарақаттану жағдайларын болдырмауға, қызметтік тәртіпті қамтамасыз етуге, сондай-ақ әскери бөлімдердің материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайтуға ерекше назар аударуды тапсырды.

ІІМ Әскери-тергеу департаментіне барлық күштік құрылымдардың әскери қызметшілері арасында бақылау мен алдын алу жұмыстарын күшейту туралы міндет қойылды.

Отырыс соңында үлгілі қызметімен ерекшеленген әскери қызметшілер марапатталды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -