Алматыдан Ысык-Көлге — жаңа әуе рейстерімен жылдамырақ және ыңғайлы сапар

1188
Фотосурет: vb.kg

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды DKnews.kz.

2025 жылғы 27 маусымнан бастап Қазақстанның авиациялық нарығына Қырғызстанның әуе компаниясы – «Asman Airlines» кіреді. Компания Алматы – Ыстықкөл бағыты бойынша аптасына екі рет (дүйсенбі және жұма күндері) тұрақты тікелей жолаушы рейстерін орындай бастайды.

Сонымен қатар, 3 шілдеден бастап қазақстандық «Fly Arystan» әуе тасымалдаушысы да Алматы – Ыстықкөл бағыты бойынша тікелей рейстерді іске қосады. Рейстер аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері орындалады.

Осылайша, жазғы кезеңде көрсетілген бағыт бойынша аптасына 4 тұрақты жолаушы рейсі орындалатын болады.

Әуеқатынастың ашылуы екі ел арасындағы туристік, сауда-экономикалық және іскерлік ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -