Корпоративтік басқару және білім беру: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де Freedom Holding директорлар кеңесінің мүшесі дәріс оқыды

1650
Фотосурет: Gov

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде халықаралық сарапшы Филипп Вогелеердің «Корпоративтік басқарудың заманауи сын-тегеуріндері мен үздік тәжірибелері: жаһандық көзқарас» тақырыбындағы ашық дәрісі өтті. Дәріс залына директорлар кеңесінің мүшелері, жетекші компаниялардың топ-менеджерлері, корпоративтік хатшылар, аудиторлар, омбудсмендер, оқытушылар, зерттеушілер, сондай-ақ Executive MBA бағдарламасының тыңдаушылары мен стартап қауымдастығының өкілдері қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Executive MBA бағдарламасы аясында өткен Директорлар институтының (Ұлыбритания) және Freedom Holding Corp компаниясы Директорлар кеңесінің мүшесі Филипп Вогелеердің аталмыш дәрісі Қазақстанның бизнес-білім беру жүйесіне халықаралық білім мен тәжірибені интеграциялаудың жаңа кезеңін бастады деуге толық негіз бар.

Іс-шараны ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова ашып, ҚР Мемлекет және қоғам қайраткері Қайрат Келімбетов, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Бақытжан Әбдірайым құттықтау сөз сөйледі.

Дәріс барысында Филипп Вогелеер:

«Мен білім беру – бұл даму мен табыстың кілті екеніне шын жүректен сенемін. 30 жылдан астам уақыт бойы білім беру қызметімен айналысып келемін және сапалы білімсіз ілгерілеу мүмкін емес екенін де білемін», – деді.

Дәріс соңында университеттің Ғылыми кеңес шешімімен Филипп Вогелеерге корпоративті дамытуға қосқан үлесі үшін ЕҰУ-дың Құрметті профессоры атағы берілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -