Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар Үкіметтің 2024 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін қолдады. Өткен жылдың негізгі қорытындылары жөнінде қаржы министрі Мәди Тәкиев баяндама жасады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Оның айтуынша, биылғы 5 айдың қорытындысы бойынша, жалпы ішкі өнім 5%-ға өсті. Шоғырландырылған бюджет тегі мұнайға қатысты емес кірістердің үлесі, өткен жылы 2,5 пайыздық тармаққа өсті. Инфляция деңгейі 9,8 %-дан 8,6%-ға дейін төмендеді. Ұлттық қордың активтері өткен жылы 16%-ға өсіп, $66,2 млрд құрады. «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша екі жылда шамамен 7 млн баланың әрқайсысына $233 есептелді.
Қаржы министрлігінің мәліметінше, республикалық бюджеттің кірістері бойынша жылдық жоспар 97,2%-ға орындалып, бюджетке 19,6 трлн теңге түсті.
Бұл ретте, егер қосылған құн салығының жалпы түсімдерін 2023 жылмен салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, салықтардың 1,4%-ға жалпы қосылған құн салығының 4,8%-ға өскен.
Сонымен қатар 2024 жылы экономикадағы көлеңкелі айналымды қысқарту бойынша жұмыстардың нәтижесін де, бюджетке қосымша 1 трлн 280 млрд теңге түсті. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 349 млрд теңгеге немесе 37%-ға көп.
Бюджет шығыстары 97,8%%-ға орындалып, 23,6 трлн теңгені құрады. Есепті кезеңде, әлеуметтік сала, инфрақұрылымдық жобалар сияқты, бірқатар бағыттар қаржыландырылды. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы педагогтардың еңбек ақысын көтеруге 93,8 млрд теңге бөлінді.
Халықтың әлеуметтік осал топтағы 4 557 отбасы, тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Осы санаттағы балалардың 100%%-ы және 1,7 млн-нан астам оқушы тегін тамақпен қамтылды. 89 мыңнан астам орынға 789 балабақша ашылды. 2024 жылы студенттердің стипендиясы 2 есеге өсіп, гранттар саны 7%%-ға ұлғайды. Шетелдік жоғары оқу орындарының 11 филиалы ашылып, ағымдағы жылы тағы 10 филиал ашу жоспарлануда. Шетелдік студенттер саны 31,5 мыңға жетті.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде, 2024 жылы 11 мың орындық 40 жатақхана берілсе, 2025 жылы 10 500 орындық, 23 жатақхана берілу жоспарлануда.
Атап өту керек, елімізде алғаш рет 19 млн м2 тұрғын үй пайдалануға берілді. 300 мыңнан астам адам газбен, ал 200 мыңнан астамы орталық сумен қамтамасыз етілді. Жалпы, шамамен 3,5 мың шақырымға сумен жабдықтау және су бұру желілері салынды және реконструкцияланды. 542 км жылу желілері мен 55 жылу көздерін жаңғырту жүргізіліп, 6 500 км инженерлік желілер жөнделді. Жалпы қуаты 700 МВт-тан асатын қосымша электр генерациясы енгізілді. Бұдан басқа, 12 мың км жол салынды және жөнделді. Нәтижесінде республикалық және жергілікті жолдардың нормативтік жағдайы тиісінше 93%-ға және 89%-ға жетті. Сондай-ақ 1,5 мың шақырым магистралдық теміржол желісін жөндеу жұмыстары аяқталды. Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 2024 жылы 62 % дейін өсіп, 4,5 млн тоннаға жетті. Бұл ретте жалпы транзит көлемі 4 есеге, ал Қытай елінен 28 есеге ұлғайды.
Алматы, Қызылорда және Шымкент әуежайларында үш жаңа терминал пайдалануға берілді.
Экономика салаларының ішінде 2024 жылдың ең жоғарғы нәтижелерінің бірі – агроөнеркәсіп кешенінің 13,7%-ға өсуі. Дәнді дақылдар 26,8 млн тоннаны, ал өнімділік 16,2 ц/га құрап, 12 жылдағы рекорд орнады.
Агроөнер кәсіп кешенінің 505 субъектісі қаржыландырылып, 3 585 субъектіге кредит берілді, 577 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі сатып алынды. Жалпы ұзындығы 400 км-ден асатын 80 су арнасына жаңғырту аяқталды. Жерді су үнемдеу технологияларымен қамту 1,5 есеге, яғни 470 мың гектарға дейін өсті.
Соның арқасында агрария, 2024 жылы 3,2 млн гектардан астам алқапта егіс жұмыстарын уақытында жүргізді.
Қаржы министрі былтыр Үкімет отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселелерімен басымдылық бергенін атап өтті. Жалпы сатып алу шеңберінде, 1 трлн теңгеден астам сомаға, отандық кәсіпорындармен ұзақ мерзімді және оффтейк-келісімшарттар жасалды. Бұл көрсеткіш 2,5 есе өсті.
Ұлттық жобалар бойынша министр 3 жобаны іске асыруға 751 млрд теңге бөлінгенін айтты.
Нәтижесінде:
- 105 мектептің құрылысы аяқталып, 254 мың оқушы орны ашылды. Бұл 22 апатты, 69 үш ауысымды мектептің проблемасын шешуге, сондай-ақ 100-ден астам мектепте орын тапшылығын шешуге мүмкіндік берді;
- 460 денсаулық сақтау объектісінің құрылысы аяқталды. Биыл 195 объектінің құрылысы аяқталып, 32 көпбейінді аудандық аурухана жаңғыртылады;
- 5G-мен республикалық маңызы бар қалалар 30%-ға, облыстық маңызы бар қалалар 15%-ға қамтылды.
Сондай-ақ ол нысаналы индикаторларға іске асыру барысына тоқталды. Атап айтқанда, 2024 жылы 26 мемлекеттік органның даму жоспарларында 173 нысаналы индикаторға қол жеткізу көзделген.
Министрдің айтуынша, 2024 жылы республикалық бюджет бойынша барлығы 12 түзету және 1 нақтылау жүргізілді. Республикалық бюджетті түзету бюджеттік мониторинг пен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстары негізінде, бюджет құрылымын өзгертпей жүзеге асырылды. Өнімсіз шығыстар, сондай-ақ бірінші кезекке жатпайтын шығыстар оңтайландырылды. Депутаттық корпус пен Жоғары аудиторлық палатаның ұсыныстарын ескере отырып, енді түзету туралы ақпарат Парламентке беріледі. Үшіншіден, ұсынымдар негізінде бірқатар шаралар іске асырылды. Мысалы, депутаттық корпуспен бірлесе отырып, бюджетті тиімді пайдалану, мемлекеттік борышты басқару қатаң бақыланады. Сондай-ақ квазимемлекеттік сектордың есептері Парламентте тыңдалады.