Қайтарылған активтер халық игілігіне жұмсалуда: Ақмола облысында жаңа буын спорт мектебі ашылды

1276
Фотосурет: primeminister.kz

Мемлекет басшысының әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде Ақмола облысының Зеренді ауылында балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі ашылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Нысан елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер қаражаты есебінен салынған. Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан 2,1 млрд теңге бөлді.

Ауданы 6 мың шаршы метрден асатын спорт мектебі ауысымда 90-ға дейін балалар мен жасөспірімдерді қабылдай алады.

Мекеме аумағында шаңғы жарысы, күрес және бокс секциялары ашылды, бұл жастарға өздерін қызықтыратын спорт түрін таңдауға және өз дағдыларын дамытуға қосымша мүмкіндіктер туғызады. Заманауи жабдықтар мен кең залдар жаттығу жасауға ыңғайлы жағдай жасайды.

Спорт мектебінің салтанатты ашылуына ҚР Бас прокуроры Берік Асылов пен Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қатысты.

Айта кетейік, бұған дейін өңірде қайтарылған активтер қаражатына Алтынды, Арнасай, Жаңаесіл және Шалқар ауылдарында 4 медициналық мекеме салынып, пайдалануға берілген болатын.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -