Қазақстандық оқушыларды қаржылық қақпандарды ажыратуға қалай үйретуде

1056
Фотосурет: t.me/afm_rk/ бейне кадр

«Заң мен тәртіп» апталығы аясында Қаржылық мониторинг агенттігі еліміздің барлық өңірлеріндегі балалар лагерьлерінде қаржылық қауіпсіздік бойынша сабақтар өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Білім беру шараларына 10 мыңнан астам оқушы қатысты. 

Сабақтар Білім министрлігімен бірлесіп әзірленген материалдар негізінде өтті. Олардың қатарында дәрістер, презентациялар мен «Бейтаныс», «Жеңіл ақша» және «Қошқар мен теке» атты анимациялық оқыту мультфильмдері көрсетілді.

Сабақ барысында «Алдай алсаң, алдап көр!» тақырыбында сурет байқаулары ұйымдастырылып, жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.

Оқушылар арасында есірткі заттарын іздестіру әдістерін көрсеткен қызметтік иттердің қатысуымен өткен кинологиялық қызмет мамандарының көрсетілімдері ерекше қызығушылық тудырды. Сонымен қатар балаларға арналған спорттық турнирлер мен көңілді іс-шаралар да өткізілді.

Мұндай кездесулер балалар үшін тек танымдық сипатта ғана емес, сонымен қатар олардың бойында жауапкершілік сезімін қалыптастырып, қаржылық алаяқтардан қорғана білу дағдыларын үйретеді. Иттермен тіл табысу, шығармашылықпен айналысу мен ойын арқылы оқыту процесі шын мәнінде қызықты әрі есте қаларлық болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -