Қызметтік иттер балаларға көмек көрсетуде: Астанада канистерапия сабағы өтті

1353
Фотосурет: t.me/afm_rk/ бейнеден кадр

Бүгін Қаржылық мониторинг агенттігінің Кинология орталығы «Сенім» медициналық-әлеуметтік орталығының балаларына арнап канистерапия сабағын өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Іс-шара барысында балаларға қызметтік иттердің дағдылары көрсетіліп, моториканы және эмоционалдық өзара әрекеттестікті дамытуға арналған интерактивті ойындар ұйымдастырылды.

Айта кету керек, Кинология орталығы мен «Сенім» орталығы, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналар қауымдастығы арасындағы ынтымақтастық 2023 жылдан бері жалғасып келеді.

Қызметтік иттердің жұмысы балаларда әрдайым ерекше қуаныш пен қызығушылық тудырады.

Бұл кездесуден тек балалар ғана емес, біздің төрт аяқы серіктестеріміз де жақсы әсер алды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -