Республикалық форум Ақтөбеде: білім саласындағы адалдық мәдениеті қалай дамуда?

1551
Фотосурет: t.me/antikornews

Қоғамда «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында Ақтөбе қаласында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі және Академиялық адалдық лигасымен бірлесе отырып, білім беру саласында парасаттылық мәдениетін насихаттауға арналған республикалық форум өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Академиялық адалдық лигасы – бұл әділдік пен парасаттылық қағидаттарын ілгерілетуге, этикалық стандарттарды дамытуға және білім беру жүйесіндегі құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған білім беру ұйымдарының бірлестігі.

Форумның мақсаты – академиялық адалдық қағидаттарын нығайту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және өңірлік университеттердің дамуына ықпал ету.

Форум жұмысына еліміздің білім және ғылым саласының алдыңғы қатарлы өкілдері – 200-ге жуық қатысушы қатысты. Олардың қатарында Ғылым және жоғары білім вице-министрі Г.И. Көбенова, облыс әкімінің орынбасары Ж.Н.Батырхан, Жұбанов университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры, Агенттік жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшелері және еліміздің 100-ден астам жоғары оқу орындарының өкілдері бар.

Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов өз құттықтау сөзінде академиялық адалдық – сапалы білім мен табысты кәсіби дамудың негізі екенін атап өтті.

Оның айтуынша, Академиялық адалдық лигасы жоғары оқу орындарында ашықтықпен парасаттылық мәдениетін қалыптастыруда маңызды құралға айналды.

Форум модераторы, Жұбанов университетінің Басқарма төрағасы – Ректор, Академиялық адалдық лигасының Жалпы жиналыс төрағасы Лаура Қарабасова Лигаға төрағалық еткен бір жыл ішіндегі нәтижелерге тоқталып, студентті тұлға ретінде қалыптастырудағы университеттердің рөлін атап өтті.

Академиялық адалдықты ілгерілету жұмыстары мектептер мен колледждердеде жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл – білім беру үдерісінің барлық деңгейлерін қамтып, парасаттылық құндылықтарын қалыптастыруда кешенді тәсілді қамтамасыз етеді.

Ашық пікірталас барысында спикерлер білім беру сапасын арттыруда адалдық мәдениетінің маңыздылығына ерекше назар аударды.

Орта және жоғары білім беру саласында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелері, білім беру үдерісінің цифрлық трансформациясы, еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының тәжірибесі ұсынылды.

Сонымен қатар, мектептер мен колледждерде академиялық адалдықты ілгерілету жөніндегі Консорциум құру бастамасы жарияланды.

Еліміздің барлық өңірлерінен 20 мектеп пен 20 колледж (әр өңірден бір мектеп пен бір колледж) іріктеліп алынып, осы білім беру мекемелерінде академиялық адалдық стандарттарын пилоттық сынақтан өткізіледі.

Пилоттық жоба жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында —қыркүйек айында іске қосылады.

Жалпы, форум қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілетуге, тәжірибе алмасуға және білім беру саласындағы парасаттылық пен адалдықты нығайтудың негізгі бағыттарын талқылауға арналған маңызды диалог алаңы болды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -