Актөбеде «Заң және тәртіп» идеологиясын жүзеге асыруға арналған кездесу өтті: Ашықтық пен бақылау басты назарда

1254
Фотосурет: t.me/antikornews

Қоғамда «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында Ақтөбе қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі өңірлік ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Іс-шараға Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов, Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, Агенттік жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшелері, қоғам өкілдері, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ірі квазимемлекеттік компаниялардың басшылары қатысты.

Ұлан Сарқұлов өз сөзінде өңірлердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың негізгі тетігі — облыс әкімдерінің жанындағы ведомствоаралық комиссиялар екенін атап өтті.

Бұл комиссиялар тек кеңесші орган ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік органдар, құқық қорғау құрылымдары, азаматтық қоғам мен бизнестің күш-жігерін үйлестіретін тиімді механизм болуы тиіс.

Комиссия жұмысының негізгі мақсатысыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жасау, сыбайлас жемқорлықтәуекелдерін анықтау және азайту, сонымен қатар азаматтардан түскен проблемалық сұрақтарды қарастыру.

Отырыста өңірдің Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасында көрсетілген салаларға ерекше назар аударылды. 

Олардың қатарында экология, құрылыс, жол және инфрақұрылым, кәсіпкерлік, апатты жағдайдағы тұрғын үйлер ерекше назарды талап етеді.

Сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алулар саласындағы, әлеуметтік нысандарды сапалы әрі уақтылы салуға қатысты тәуекелдер талқыланды.

Облыс әкімдігінің назары Шалқар ауданындағы Шалқар көлінің жағдайынақатысты мәселеге аударылды.

Жиын соңында облыс әкімдігіне аталған салалардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінжоюға бағытталған кешенді шаралар қабылдау жөнінде ұсынымдар берілді.

Қатысушылар аталған бағыттар бойынша бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы тұрақты диалогтың маңыздылығын атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -