«Жас Бүркіт» «Айбын-2025» халықаралық жиынының қола жүлдегері атанды

1628
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Ақтөбе облысында өткен XI халықаралық «Айбын» жастар жиынында Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының намысын қорғаған «Жас Бүркіт» әскери-патриоттық клубының командасы үшінші орынды иеленді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бұл жиынға Қазақстан, Әзербайжан, Беларусь, Қырғыз Республикасы, Ресей және Өзбекстаннан келген 800-ге жуық қатысушы жиналды. Шара Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналды.

Жиынның салтанатты ашылуына Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Ол жастар бойында патриоттық рухты қалыптастыру үшін мұндай шаралардың маңызды екенін атап өтті.

Фотосурет: Akorda        

Жарысқа барлығы 51 команда қатысып, олар төрт топқа бөлінді. 19 командадан тұратын әскерлердің патриоттық клубтары тобында «Жас Бүркіт» командасы үздік үштіктен көрінді.  Олар жоғары физикалық дайындық, тәртіп пен ұйымшылдық, нақты үйлесімділік және тактикалық сауаттылықтың арқасында ерекшеленді.

Бұл жетістік — «Жас Бүркіт» клубының сапалы даярлығы мен құқықтық тәртіп әскерлеріндегі әскери-патриоттық тәрбиенің нәтижесі. Ол — табандылықтың, тәртіптің және үздіксіз даму талпынысының жемісі. Осылайша жас сарбаздар халықаралық деңгейде Ұлттық ұланның мәртебесін асқақтатты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -