Облыстық прокуратураның қолдауымен жастар арасында дзюдодан чемпионат өтті

1254
Фотосурет: Gov

«Заң мен Тәртіп» идеологиясы аясында облыс прокуратурасы дзюдодан турнир өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Облыс прокуратурасы «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында жастар арасында құқықтық сананы қалыптастыру мақсатында ұлдар мен қыздар арасында дзюдодан чемпионат ұйымдастырды.

300-ден астам жас спортшылардың қатысуымен өткен іс-шараны облыс прокуроры Берік Жүйріктаев ашты.

Спорт жарыстарын өткізу салауатты өмір салтын насихаттауға, дене шынықтыруды дамытуға, сондай-ақ жас ұрпақтың бойында заңдылық пен әділдік қағидаттарын нығайтуға бағытталған.

Екі жарыс күнінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды, олар бағалы сыйлықтармен, медальдармен және республикалық турнирге қатысуға жолдамалармен марапатталды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -