Бірегей операция: қазақстандық дәрігерлер сирек кездесетін ауытқуы бар шала туған сәбиді аман алып қалды

1441
Фотосурет: Gov

Республикалық педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының мамандар командасы дене салмағы 1500 г шала туған нәрестеге уақытша электрокардиостимулятордың эпикардиалдық электродтарын тігу бойынша кардиохирургиялық операцияны сәтті жүргізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жүктілік кезінде 30 аптада ұрыққа кардиомегалия, брадикардия диагнозы қойылды, жүректің соғуы минутына 49 рет. Бала салмағы 1550 грамм болатын 30 апталық болып мерзімінен бұрын дүниеге келді. Туу кезінде тыныс алу бұзылыстарының синдромына байланысты, морфо-функционалдық жетілмеуі аясында жағдайы өте ауыр болды.

жүректің жиырылу жиілігі минутына 40 рет болуы оның ағзасының оттегіге және қоректік субстраттарды жеткізуге деген қажеттілігін өтемегендіктен және ол салмақ қоспағандықтан өмірінің 22-ші күні балаға уақытша кардиостимуляторды орнату операциясын жасау туралы шешім қабылданды.

Операциядан кейін пациенттің жағдайы жақсарады, ол салмақ қоса бастады, белсенділігі жақсарды, жасына байланысты жүрек соғу жиілігі минутына 130-140 болды.

Дене салмағы 2000 г және одан жоғары болған кезде нәрестеге тұрақты электрокардиостимулятор орнатылады. Бүгінгі таңда пациент кардиохирургтардың бақылауымен неонатология бөлімішесінде емін жалғастыруда.

Тәжірибелі кардиохирургтар командасының үйлесімді жұмысының арқасында шала туған нәрестенің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік туды. Операцияны кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Алмас Бердібеков ПБХҒО неонаталдық реанимациясының тәжірибелі дәрігерлерімен бірлесіп жүргізді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -