Қорғаныс министрлігінің бұрынғы басшысы Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесіне тағайындалды

1606
Фотосурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

2025 жылдың маусым айының басына дейін Қазақстанның Қорғаныс министрі қызметін атқарған Руслан Жақсылықов Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесіндегі лауазымға ие болды.

Бұл туралы бүгін, 30 маусымда Ақорданың Telegram-каналынан белгілі болды:

Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды Ақорда

Руслан Фатихұлы Жақсылықов (4 наурыз 1966 жылы туған, Қаскелең, Алматы облысы) — Қазақстанның мемлекет және әскери қайраткері, генерал-полковник, педагогика ғылымдарының кандидаты, 2022 жылғы 19 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі.

И.С.Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери училищесін (1987), М.В.Фрунзе атындағы Әскери академияны (1996), РФ ҚК Бас штаб Әскери академиясының Жоғары академиялық курсын (2004) бітірді.

Әскери училищеден кейін мотоатқыштар және барлау взводының, ротасының командирі, Алматы қаласы әскери бөлім барлаушыларының бастығы.

4 қыркүйек 2008 жылы– Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлер қолбасшысы.

22 қаңтар 2013 жылғы – Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлердің бас қолбасшысы.

2014 ж. - генерал-лейтенант атағын алып, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы міндетін атқарды.

19 қаңтар 2022 жылы — Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -