2025 жылғы шілдеге арналған салық күнтізбесі: бизнес пен ЖК үшін маңызды күндер

1672
Фотосурет: Kapital.kz

2025 жылғы шілде айында салық есептілігін тапсыру және міндетті төлемдерді төлеу бойынша маңызды мерзімдер белгіленген. Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салықтық міндеттемелерді, оның ішінде заңды тұлғалардың көлік салығы, сонымен қатар әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді уақытында орындау қажеттігін еске салады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Төменде осы айда тапсырылуы тиіс есептілік нысандары мен төленуі керек төлемдердің мерзімдері көрсетілген.

САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТЕРІ

8 шілде:

  • 701.00 нысаны – 2025 ж. заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша ағымдағы төлем.

15 шілде:

  • 400.00 және 421.00 нысандары – 2025 ж. мамыр айына акциз бойынша декларация және салық салуға қатысты құрылымдық бөлімшелер немесе объектілер бойынша есеп.

21 шілде:

  • 328.00 нысаны – 2025 ж. маусым айына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш.

ТӨЛЕМДЕР

8 шілде:

  • 2025 ж. заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша ағымдағы төлем.

21 шілде:

  • 2025 ж. маусым айына ЕАЭО-да ҚҚC;
  • 2025 ж. маусым айына акциз, ЕАЭО-дан импортталған тауарларды қоса алғанда.

25 шілде:

  • 2025 ж. шілде айына КТС бойынша аванстық төлемдер;
  • 2025 ж. маусымда төленген табыстардан төлем көзінен ұсталған КТС, ЖТС;
  • 2025 ж. маусымда төленген табыстардан ЖТС;
  • 2025 ж. маусым айына арнайы мобильді қосымшаны пайдалана отырып жүзеге асатын арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлердің табыстарынан ЖТС;
  • Жер учаскелерін пайдалану үшін, радиожиілік спектрін пайдалану үшін, сыртқы (визуалды) жарнама орналастырғаны үшін ағымдағы төлемдер;
  • 2025 ж. маусым айына әлеуметтік салық, бірыңғай төлем, әлеуметтік аударымдар, МӘМС бойынша жарналар мен аударымдар, МЗЖ, МКЗЖ, ЖБМЗЖ.

Есептіліктерді тапсыру, салықтар мен төлемдерді төлеу туралы толық ақпаратпен Департаменттің сайтынан және @mkdalmaty_dgdalmaty Instagram парақшасынан, сондай-ақ 1414/3 нөмірі бойынша білуге болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -