Қазақстан банктік секторы маусым айында: негізгі көрсеткіштер

1287
Фотосурет: Коллаж kursiv.media

2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторында 21 екінші деңгейдегі банк бар, оның ішінде 13 банк шетелдің қатысуымен, оның ішінде 9 еншілес банк, деп хабарлайды DKnews.kz.

Банк секторының активтері 2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша негізінен банктердің несие портфелінің 1,7%-ға 37,9 трлн теңгеге өсуі есебінен ағымдағы жылғы мамырда 1,2%-ға (2025 жылдың басынан бері 2,9%-ға өсу) ұлғайып, 63,4 трлн теңгені құрады.

Екінші деңгейдегі банктердің экономикаға берген кредиттері 2025 жылғы мамырда 1,3%-ға 35,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан 5,1%-ға өсу). Экономикаға берілген кредиттердің құрылымында 2025 жылғы мамырдың қорытындысы бойынша ұлттық валютада берілген кредиттер 1,4%-ға 32,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды, шетел валютасында берілген кредиттер 0,3%-ға 2,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

Бизнес субъектілеріне берілген кредиттер 2025 жылғы мамырда негізінен айналым қаражатын сатып алуға берілген қарыздардың 0,5%-ға 5,1 трлн теңгеге дейін өсуі есебінен 0,6%-ға 13,4 трлн теңгеге дейін өсті (2025 жылдың басынан 2,4%-ға өсу). Бизнеске берілген кредиттер құрылымында ірі бизнеске қарыздар сауда саласындағы субъектілердің қарыздарды мерзімінен бұрын өтеу нәтижесінде  0,9%-ға 5,0 трлн теңгеге төмендеді (2025 жылдың басынан 14,7%-ға өсу), ШОБ субъектілеріне берілген қарыздар 0,7%-ға 5,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан бастап 9,7%-ға төмендеді). Дара кәсіпкерлерге берілген кредиттер 3,0%-ға 2,6 трлн теңгеге дейін өсті (2025 жылдың басынан 13,0%-ға өсу).

Салалар бойынша 2025 жылғы мамырда бизнеске берілген кредиттердің өсуі өнеркәсіп пен көлікті қоспағанда, барлық салада байқалады. Саудада кредиттер 0,5%-ға 3,6 трлн теңгеге дейін, ақпарат және байланыста – 2,5%-ға 0,2 трлн теңгеге дейін, құрылыста – 4,5%-ға 0,7 трлн теңгеге дейін, ауыл шаруашылығында 36,%-ға 0,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды. 

2025 жылғы мамырда бизнес субъектілеріне 1,5 трлн теңге сомаға жаңа қарыздар берілді, бұл 2024 жылтың тиісінше айымен салыстырғанда 7,8%-ға артық. 2025 жылдың басынан бері бизнеске жаңа кредиттер беру көлемі 7,1 трлн теңгені құрады, бұл 2024 жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5,3%-ға артық.

2025 жылғы мамыр айының қорытындысы бойынша бизнес субъектілеріне ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 21,3% деңгейінде сақталды.

Халыққа берілген кредиттер тұтынушылық қарыздардың 1,9%-ға 14,9 трлн теңгеге дейін және ипотекалық қарыздардың 1,7%-ға 6,3 трлн теңгеге дейін ұлғаюы нәтижесінде 2025 жылғы мамырда 1,8%-ға ұлғайып, 22,1 трлн теңгені құрады (2025 жылдың басынан 6,9%-ға өсу).

2025 жылғы мамырда халыққа теңгемен берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 19,9%-ды құрады.

Банктердің несие портфелінің сапасы жоғары деңгейде қалып отыр. Мәселен, 2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша кредиттік портфельдің жалпы көлеміндегі 90 күннен астам мерзімі өткен кредиттердің үлесі 2025 жылғы сәуірдегі деңгейде сақталып, 3,4%-ды немесе 1,3 трлн теңгені құрады.

Халыққа берілген кредиттер бойынша NPL90+ қарыздарының үлесі 2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 4,3%-ды немесе 943 млрд теңгені, бизнеске берілген кредиттер бойынша 2,2%-ды 340 млрд теңгені құрады. 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттерді провизиялармен өтеу деңгейі 66,8%-ды құрады (01.01.2025ж. – 67,0%). 

Банк секторының міндеттемелері 2025 жылғы мамырда негізінен клиенттер салымдарының 0,8%-ға және «РЕПО» операцияларының 24%-ға ұлғаюы есебінен 1,3%-ға 54,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан 3,1%-ға өсу). Банк секторы міндеттемелерінің құрылымында клиенттердің салымдары басым түседі  – 80% немесе 43,4 трлн теңге.

Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттері 2025 жылғы мамырда негізінен ұлттық валютадағы депозиттердің 0,8%-ға 9,5 трлн теңгеге дейін ұлғаюы нәтижесінде 0,3%-ға 41,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан 0,4%-ға өсу). Ұлттық валютадағы депозиттер 0,2%-ға 32,0 трлн теңгеге дейін өсті. Нәтижесінде 2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша депозиттерді долларландыру деңгейі бір ай бұрынғы 22,8%-дан аздап ұлғайып, 22,9%-ды құрады.

Заңды тұлғалардың депозиттері 2025 жылғы мамырда 0,2%-ға 18,5 трлн теңгеге дейін, жеке тұлғалардың депозиттері 0,4%-ға 22,9 трлн теңгеге дейін өсті.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2025 жылғы мамырда 15,4%-ды (2025 жылғы сәуірде – 15,4%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 14,3%-ды құрады (2025 жылғы сәуірде  – 14,0%).

Банктердің меншікті капиталы 2025 жылғы мамырда негізінен бөлінбеген таза пайданың ұлғаюы нәтижесінде 0,5%-ға 9,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан бері 2,1%-ға өсті). 2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) 19,3%-ды (01.01.2025ж. – 20,4%), меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) 20,8%-ды (01.01.2025ж. – 22,0%) құрады, бұл заңнамада белгіленген нормативтерден едәуір асып түседі және банк секторындағы әлеуетті тәуекелдерді өтеуді қамтамасыз етеді.

2025 жылғы қаңтар-мамырда банктердің таза пайдасы 1,1 трлн теңгені құрады, бұл 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 17,2%-ға көп. Банктік активтердің рентабельділігі (ROA) 2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 4,6%-ды (01.05.2025ж. жағдай бойынша – 4,6%), капитал рентабельділігі (ROE) 31,6%-ды (01.05.2025ж. жағдай бойынша – 31,6%) құрады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -