2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру секторында 25 сақтандыру ұйымы бар, оның ішінде 10 – өмірді сақтандыру бойынша, 15-жалпы сақтандыру бойынша компаниялар, деп хабарлайды DKnews.kz.
2025 жылғы мамырдың қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері 0,8%-ға 3,4 трлн теңгеге ұлғайды (2025 жылдың басынан бері 8,1%-ға өсу), ол негізінен инвестициялық қызметі бойынша кірістердің өсуі нәтижесінде болды.
2025 жылғы 1 маусымда активтер құрылымында ең көп үлес бағалы қағаздарға – 71,8% (2,4 трлн теңге), екінші деңгейдегі банктердегі ақшалай қаражат пен салымдарға – 6,7% (225,1 млрд теңге), сақтандыру дебиторлық берешекке – 4,5% (151,2 млрд теңге) тиесілі.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері негізінен сақтандыру резервтерінің өсуі нәтижесінде 2025 жылғы мамырда 0,7%-ға 2,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан бері 9,4%-ға өсу).
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншікті капиталы есепті кезеңдегі бөлінбеген пайданың өсуі нәтижесінде 1,2%-ға 992 млрд млрд теңгеге дейін ұлғайды (2025 жылдың басынан бері 5,0%-ға өсу).
2025 жылғы мамырда сақтандыру ұйымдары негізінен 31,8 млрд теңге мөлшерінде пайда алды (2025 жылдың басынан бері таза пайда – 74,4 млрд теңге.
2025 жылдың басынан бері жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 10,5 млн шартты құрады, бұл 2024 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 26,1%-ға көп. Негізгі өсім жазатайым оқиғалардан сақтандыру (1,1 млн шарт немесе 38,8%-ға өсу) бойынша шарттарға тиесілі.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары 2025 жылы мамырда 130,9 млрд теңгені құрады. 2025 жылдың басынан бері сақтандыру сыйлықақылары 674,5 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 23,8%-ға артық.
Ерікті жеке сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2025 жылғы мамырда 60,9 млрд теңгені, 2025 жылдан бастап 325,4 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 33,7%-ға артық. Өсу негізінен жиналған сыйлықақылардың жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша 79,6%-ға 69,4 млрд теңгеге және зейнетақы аннуитеттік сақтандыру бойынша 42%-ға 122,8 млрд теңгегеге ұлғаюына байланысты.
Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары ағымдағы жылдың мамыр айында 48,7 млрд теңгені, 2025 жылдың басынан бері 240,4 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 20,2%-ға артық. Өсу негізінен жиналған сыйлықақылардың азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру санаты бойынша 34,9%-ға және мүлікті зияннан сақтандыру санаты бойынша 14,0%-ға өсуіне байланысты.
Міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары 2025 жылғы мамыр бойынша 21,4 млрд теңгені, 2025 жылдың басынан бері 108,7 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 7,0%-ға артық. Өсу негізінен көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру сыйлықақылардың ұлғаюымен байланысты (23,9%-ға немесе 48,0 млрд теңгеге ұлғаю).
2025 жылғы мамырдағы сақтандыру төлемдері 34,8 млрд теңгені, 2025 жылдың басынан бері 166,7 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 40,7%-ға артық, барлығы 117,3 мың төлем жасалды.