Қаржылық қызмет тұтынушыларының құқықтарын қорғау: 2025 жылғы 1 маусымдағы жұмыс қорытындылары

1551
Фотосурет: АР

2025 жылғы мамырда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қызметі негізінен қарыз алушылардың алаяқтық әрекеттер, тұтынушылық қарыздар бойынша берешекті қайта құрылымдауға жәрдемдесу туралы жолданымдарын қараумен және олардың борыш жүктемесін азайту  шараларын қабылдаумен байланысты болды, деп хабарлайды DKnews.kz.

2025 жылғы мамырда Агенттік қаржы ұйымдарының және коллекторлық агенттіктердің қызметіне байланысты жеке және заңды тұлғалардың 14 664 жолданымын қарады, бұл 2025 жылғы сәуірмен салыстырғанда 16,0%-ға аз.

Жолданымдардың ең көп үлесі – жолданымдардың жалпы санының 52,7%-ы банк секторына тиесілі. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мәселелері бойынша жолданымдар жалпы санның 36,6%-ын, коллекторлық агенттіктердің 6,3%-ын, сақтандыру нарығы субъектілерінің 1,6%-ын, өзге ұйымдардың 0,6%-ын, атауы көрсетілмеген қаржы ұйымдарының 2,1%-ын құрады.

2025 жылғы мамырда Агенттік 3 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасын, 2 жазбаша ұйғарым, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 2 хаттама бойынша жалпы сомасы 1 455 мың теңгеге 2 әкімшілік жаза, оның ішінде:

  • банктерге қатысты 1 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасын, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 1 хаттама бойынша 1 180 мың теңге сомасына 1 әкімшілік жаза;
  • сақтандыру ұйымдарына қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 1 хаттама бойынша 275 мың теңге сомасына 1 әкімшілік жаза;
  • коллекторлық агенттіктерге қатысты 1 жазбаша ұйғарым;
  • микроқаржы ұйымдарына қатысты 3 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасын, 1 жазбаша ұйғарым қолданды.

Агенттік мақсаты жалғыз баспананы сақтап қалу және қарыз алушылардың борыш жүктемесін төмендету болып табылатын Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыруды жалғастыруда.

Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде 2004 – 2020 жылдар аралығындағы кезеңде берілген ипотекалық қарыздарды жылдық 3%-дан аспайтын мөлшерлемемен қайта қаржыландыру көзделген. 2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша банктер 207,4 млрд теңге сомасына 32,9 мың қарызды қайта қаржыландырды.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген жеке тұлғалардың валюталық ипотекалық қарыздарын 114,0 млрд теңге сомасына 15,9 мың валюталық ипотекалық қарызды айналдыру/қайта қаржыландыру (бір АҚШ доллары үшін 188,35 теңге бағамымен) жүргізілді. Осы бағытты іске асыру мерзімі барлық жоспарланған іс-шаралардың аяқталуына байланысты 2025 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады.

Бағдарламаның үшінші бөлігі шеңберінде 2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 10,6 мың ХӘОТ – қарыз алушыға 96,3 млрд теңге сомасына қолдау шаралары көрсетілді. Қосымша көмек 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін берешекті азайту, сондай-ақ банктің балансындағы жалғыз баспананы бұрынғы меншік иелеріне қайтару түрінде көрсетілетін болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -