Қазақстандағы ауқымды агропроект: суармалы жерлер, инвестициялар және жұмыс орындары

1386
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу «Harvest Group» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Алмаз Альсеновпен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Тараптар жер асты сулары мен заманауи су үнемдеу технологияларын пайдалана отырып, 300 мың га шалғайдағы және тыңайған жерлерді суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарына кезең-кезеңімен ауыстыруға бағытталған ауыл шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаны іске асыруды талқылады. Жоба Жамбыл, Алматы, Жетісу, Ақтөбе, Павлодар, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарын қамтиды, бірінші кезеңде инвестициялардың жалпы көлемі 500 млн АҚШ долларын құрайды.

Министр жобаны одан әрі ілгерілетудің маңыздылығын атап өтіп, мемлекет тарапынан қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. Атап айтқанда, Қазақстан Үкіметі мен «Harvest Group» арасындағы Инвестициялар туралы келісімге қол қою мәселесі қаралды.

Сұхбаттастар сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен, әсіресе аудандық әкімдіктер деңгейінде өзара іс-қимылды жандандыру қажеттігін талқылады.

«Harvest Group» компаниясы суды үнемдеу және суару саласында озық технологиялар мен халықаралық тәсілдерді енгізе отырып, Қазақстанның ауыл шаруашылығын трансформациялауға белсенді қатысады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -