14 күнде YouTube-те 1 миллионға жуық қаралым және әлеуметтік желілерде белсенді талқылау. Алматыда Almaty Air Initiative қорының бастамасымен BayGuys студиясы түсірген қазақ тіліндегі (орысша субтитрлермен) әрі экология мен шығармашылық индустрия тоғысындағы айрықша бейнежоба – «Мстительдер» мини-сериалының тұсауы кесілді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Жақында Cinemax кинотеатрында үш серияның жабық көрсетілімі мен өзекті экологиялық мәселеге орай пікірталас өтті. Әзіл-оспақ, ирония және жастардың тілімен сөйлеу Алматының ең өзекті мәселелерінің бірі – ауаның ластануына назар аударту құралына айналды.
Жобаны жасаушылар атап өткендей, «Мстительдер» мегаполистің экологиясы туралы мемлекеттік тілде жастар аудиториясына әзіл-оспақ және ирония форматында үн қатудың алғашқы қадамы.
«Біз экология, Алматының ауасы туралы әңгіменің тек сараптамалық, ресми күн тәртібінен шығып, жаңа спецификаларға ие болғанын қаладық. Бұл тіл мәселесі емес, бұл қызығушылықты арттыру және қолжетімді ету мәселесі. Аталған сериал арқылы біз экология тақырыбы қызықсыз яки тек абстрактілі бола алмайтынын көрсеттік. Біз ол туралы қарапайым, шынайы және сезіммен айтуға тиіспіз» Жұлдыз Сәулебекова, Almaty Air Initiative қорының атқарушы директоры
Көрсетілімнен кейін жоба командасы, актерлер, Almaty Air Initiative өкілдері және қонақтардың қатысуымен қызу пікірталас болды. Көрермендер өз эмоцияларын ортаға салып, ықтимал шешімдер туралы ой қорытып, күрделі тақырыптың дәстүрден тыс көрсетілуінің маңызын атап өтті.
«Иә біз әзілді қолданамыз, бірақ әзілдің өзі - жауапкершілік. Біз аталған тақырыпты ой таразысына салып таңдадық, себебі Алматының ауасы бәрімізге ортақ тақырып. Біз аудиториямыздың қандай ауамен тыныстап жүргенін әрі баршамыз мәселені ұғынып, әрекет еткенде ғана өзгеріс болатынын түсінсе екен дейміз. Ирония және пародия арқылы жиі естуден аяқ тартатын дүниені тікелей жеткізе аласыз» BayGuy командасы
«Мстительдер» жобасын төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар:
Almaty Air Initiative қоры – Алматы қаласының лас ауасымен күресуші қор. Қордың мақсаты - ластану проблемасы туралы ақпарат алу көкжиегін кеңейту, қаладағы лас ауа мәселесін шешуге бағытталған технологиялық шешімдер мен нормативті-құқықтық бастамаларды қолдау және ілгерілету.
BayGuys шығармашылық өнер тобы әлемдік танымал фильмдер мен телехикаяларға сатиралық және өміршең пародия жасаумен қатар, «Байгайстан» және «АуылBay» сынды төл бірегей жобаларымен танымал. Команданың YouTube арнасында 655 мың жазылушысы бар.