Қазақстан банктерінің кредиттік қоры қандай?

1606
Фотосурет: shutterstock, бильд-редактор: Милош Муратовский/ kz.kursiv.media

ҚР ЕДБ несие портфелі тағы 1,5%-ға артты.

2025 жылдың мамырына қарай Қазақстан банктерінің несие портфелі 37,3 трлн теңгеге жетті. Бір айда өсім 1,5%-ды, жыл басынан бері 3,9%-ды, ал бір жылда, яғни, 2024 жылғы 1 мамырға қарай 21,2%-ды құрады. Айта кетерлігі, барлық несие портфелінің 93%-дан астамы еліміздегі ең ірі он кредит беруші банкке тиесілі.

Осы үздік 10 банктің ішінде ел экономикасына кредит беру өсімі бойынша ForteBank көш бастап тұр, ол несие портфелінің өсімі бойынша қалған ЕДБ-дан алда келеді: бір айда (плюс 9,7%, 2,5 трлн теңгеге дейін), жыл басынан бері (плюс 29,6%), сондай-ақ жылдық динамикада (плюс 46,8%).

Еліміздің ірі банктері арасында ай сайынғы өсім бойынша екінші орынға Freedom Bank орналасты: плюс 2,2%, 878,3 млрд теңгеге дейін. Банк көрсеткіші жыл басынан бері 10,2%-ға, бір жылда 37,4%-ға артты.

Көшбасшылардың үштігін Kaspi Bank түйіндейді: бір айда плюс 1,5%, 6,5 трлн теңгеге дейін. Жыл басынан бері банктің несие портфелі 7,5%-ға, бір жылда 34,3%-ға өсті.

Кредиттердің ай сайынғы өсімі бойынша үздік бестікке тұрғын үй құрылыс жинақтары және тұрғын үй қарыздары жүйесіне маманданған Отбасы банк (плюс 1,4%, 3,5 трлн теңгеге дейін) және Bank RBK (плюс 1,2%, 1,1 трлн теңгеге дейін) кірді.

Жалпы алғанда, үздік 10 кредитор банк бір айда жиынтық кредит көлемін 1,3%-ға, 34,7 трлн теңгеге дейін ұлғайтты. Жыл басынан бері көрсеткіш 3,7%-ға, бір жылда 20,5%-ға артты.

Жалпы сектор бойынша мерзімі өткен NPL 90+ берешек 3,4%-ды құрады — ағымдағы жылдың басында 3,05%-ға және бір жыл бұрын 3,1%-ға тең болған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -