ҚР Президенттік орталығы Астанада балалар мерекелерін өткізу дәстүрін жалғастырып келеді

1914
Фотосурет: "Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы"РММ

Бүгін ҚР ПІБ Президенттік орталығында Астана күніне арналған «Астана – арман қала» атты мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Президенттік орталық ұйымдастырған дәстүрлі балалар мерекесіне Астана қаласындағы №5 «Ақбота» ясли-балабақшасының 50 тәрбиеленушісі қатысты.

«Біздің Орталық өсіп келе жатқан жас ұрпақты тәрбиелеу, сапалы білім беру, әсіресе сәбилерге ізгі қасиеттерді дарыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Астанаға арналған жыл сайынғы балалар мерекелерін өткізу – игі дәстүрге айналды. Бүгінгі мерекелік іс-шара – соның айқын дәлелі» ҚР Президенттік орталығы директорының орынбасары Серік Сыдыков 

Осындай балалар жобалары жас буынның Отанға және Елордаға деген сүйіспеншілігі мен құрметін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Театрландырылған қойылымдарға қатысқан кішкентай өнерпаздар би билеп, ән айтып, өлеңдер оқыды.

Мерекеге қонақ ретінде қатысқан ата-аналар, Елордалық мектепке дейінгі ұйымдардың қызметкерлері, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері жылы атмосфера мен іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны үшін алғыстарын білдірді.

Іс-шара соңында барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -