2025 жылғы 30 маусым – 4 шілде аралығында Киото қаласында (Жапония) АСЕАН+3 бастамасы аясында ұйымдастырылған ASEAN+3 облигациялар нарығы бойынша 43-ші Форум (ASEAN+3 Bond Market Forum, ABMF; бұдан әрі – Форум) өтеді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Форумды 2010 жылғы мамыр айында АСЕАН, Қытай, Жапония және Корея Республикасының қаржы министрлері облигациялар нарықтары бойынша Азиялық бастама аясында құрды.
Форумның негізгі мақсаты – Азия өңірінде бірнеше валютадағы облигациялар шығару тетіктерін қоса алғанда, облигациялардың интеграцияланған нарығын құру үшін жағдай жасау (ASEAN+3 Multi-Currency Bond Issuance Framework). Бастама облигацияларды бір уақытта ҚХР, Жапония, Корея Республикасы, Малайзия және т.б. сияқты бастамаға қатысушы елдердің бірнеше ұлттық нарықтарында шығаруға және орналастыруға мүмкіндік береді. Биыл мамыр айында Қазақстан Республикасы ABMF жанындағы бақылаушы мәртебесін алды.
Өткен іс-шара шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Қазақстан қор биржасының және Орталық депозитарийдің өкілдері Қазақстанның облигациялар нарығының ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларын таныстырды.