Қазақстан Сыртқы істер министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

1529
Фотосурет: PressMFAKZ

2025 жылғы 5 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев Арман Исетовты Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындады, деп хабарлайды DKnews.kz.

"Мемлекет басшысының өкімімен Арман Асқарұлы Исетов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды"   Ақорда

Арман Асқарұлы Исетов – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары

1975 жылғы 17 желтоқсанда Қостанай облысында дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

Өзінің дипломатиялық қызметін 1998 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Шарт-құқықтық басқармасының референті ретінде бастады. 1999-2004 жылдары ҚР СІМ Халықаралық-құқықтық департаментінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2004 жылдан 2008 жылға дейін – Нью-ЙорктегіҚазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінің бірінші хатшысы, ал 2008-2009 жылдары ҚР СІМ Көпжақты ынтымақтастық департаментінде басқарма бастығы қызметін атқарды.

2009 жылы СІМ Халықаралық-құқықтық департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды, ал 2012 жылы осы департаментті басқарды. 2018-2022 жылдары – Нью-Йорк қаласында БҰҰ жанындағы ҚР Тұрақты өкілінің бірінші орынбасары.

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалғанға дейін 2022 жылғы сәуірден бастап Таиландтағы ҚР Елшісі лауазымын атқарды.

І сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежеге ие.

Ағылшын және түрік тілдерін меңгерген.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -