Өскеменде ұландықтар айтулы домбырашымен кездесті

5654
Фотосурет: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6699 әскери бөлімінде Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра үні» атты шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Кештің қадірлі қонағы болып Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының айтыскер ақыны, домбырашы Ақтан Нұрбаев атындағы облыстық ақындар мектебінің жетекшісі, республикалық және халықаралық ақындар айтысының жүлдегері Қуаныш Еркінұлы қатысты. Кеште әскери қызметшілердің өнерпаздығы мен таланттары тамашаланды.

Қуаныш Еркінұлының әскери  бөлімге келіп, сарбаздармен емен-еркін сұхбат жүргізуі -  кешке ерекше дәстүрлі сипат берді.  Ол әскерилерді ұлттық аспап  мерекесімен құттықтай отырып, өзі шығарған бірнеше күйлерді тарту кетті. Сондай-ақ кеш барысында домбыра құлағыңда ойнайтын жас сарбаздарда күй тартып, ән шырқады. Шараға бөлімге аяқ басқан жас сарбаз сатынан елуге  жуық әскерилер қатысты.

Айтыскер ақын, күйші жас таланттарға өзінің кеңестерін айтып өнерге деген құлшыныстарын жоғары бағалады. Тағылымға толы кеш жас сарбаздар жадында ұмытылмас естеліктер қалдырды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -