Қазақстандық боксшы Надежда Рябец (75 келіге дейін) Астанада өтіп жатқан Әлем кубогының алтын медалі үшін күреседі, деп хабарлайды DKnews.kz.
Жерлесіміз жартылай финалда түркиялық Бусра Исильдармен жұдырықтасты.
Надежда Рябец жекпе-жек басталысымен-ақ басымдық танытты. Нәтижесінде, Әлем кубогының финалына өтті.