ТЖМ басшысы СҚО құтқарушыларына жаңа техниканың кілттерін табыстады, деп хабарлайды DKnews.kz.
Петропавл қаласының орталық алаңында Солтүстік Қазақстан облысының құтқарушыларына салтанатты түрде жаңа техника табыс етілді. Машиналардың кілттерін Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов табыстады.
Жаңа жарақ өңірдегі өрттерді сөндіру, су тасқынын және басқа да төтенше жағдайларды жою мүмкіндіктерін едәуір күшейтеді.
Техниканың ішінде жедел ден қою және қарда- батпақта жүре алатын машиналар бар, олар жетуі қиын аудандарға да бара алады. Бұл әсіресе СҚО үшін өте маңызды, мұнда жылда көктем айында су тасқыны, ал қыста — қатты боран болуы мүмкін.
«Жақсы техника біздің мүмкіндіктерімізді кеңейтеді, бірақ оны дұрыс басқара білетіндіктен шешуші рөлді адам атқарады. Қиындықтарға дайын болып қана қоймай, адам өмірін құтқаруға көмектесетін барлық нәрсені сақтау да маңызды» Шыңғыс Әрінов
Рәсімге ТЖД қызметкерлері, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, әкімдіктер мен коммуналдық қызметтердің өкілдері қатысты. Олардың барлығы биылғы су тасқынына қарсы жұмыстарды атқарып, жергілікті жерлерде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.
Министр құтқарушылармен қатар, Әзербайжанның Габала қаласында өткен «Жас құтқарушы» халықаралық жарысына қатысушыларға да алғыс хаттар табыс етті. Солтүстік Қазақстан облысының құрамасы Қазақстан атынан халықаралық аренада лайықты өнер көрсетіп, екінші орынға ие болды.