Мереке күні әскери қызметшілер шағын футболдан жарыстар мен эстафета өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.
83205 әскери бөлімінің жеке құрамы атаулы күнді зор ықыласпен қарсы алды. Әскери қызметшілер 86 шақырымдық эстафета ұйымдастырып, қашықтықты 5 және 10 шақырымға бөлді. Бірлік пен жауынгерлік рухты бейнелейтін соңғы кезеңді спортшылар бірге аяқтады.
Астанада шағын футболдан өткен жарысты Қарулы күштер Әскери инфрақұрылым бас басқармасы ұйымдастырды.
Жеке құрамды мемлекеттік мерекемен басқарма бастығы полковник Ғалымжан Айтбаев құттықтап, спорт тек дене шынықтырып қана қоймай, әскери қызметшілердің рухын нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Ақмола аудандық пайдалану бөлімінің командасы жеңіп алды. Екінші орын Әскери инфрақұрылым бас басқармасының әскери қызметшілеріне, үшінші орын "26 жол-пайдалану учаскесі" РММ құрамасына берілді.
Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубоктармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, үздік қақпашы, шабуылшы және қорғаушы номинациялары анықталды.