Freedom Ticketon мен Freedom Travel компанияларында менеджмент құрылымы жаңартылды

1606
Фотосурет: Артур Алескеров/Kursiv.media

Freedom Lifestyle бағытының құрамына кіретін Freedom Travel және Freedom Ticketon компанияларында басқару құрылымына бірқатар өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Freedom Ticketon компаниясының жаңа басшысы болып өнімдерді басқару және технологиялық шешімдерді іске асыру саласында мол тәжірибесі бар Ксения Соколова тағайындалды. Ал Freedom Travel компаниясының бас директоры қызметіне саяхат индустриясында кәсіпкерлік және басқарушылық тәжірибесі мол маман Игорь Бойко келді.

«Бұл өзгерістер Lifestyle бағытын кешенді трансформациялау аясында қабылданып отыр. Біздің басты басымдығымыз – өнімдердің технологиялық дамуы мен клиенттер үшін қызмет көрсету ыңғайлылығын арттыру. Қазір біз Freedom Ticketon үшін жаңа технологиялық платформаны әзірлеу үстіндеміз, оның мақсаты – билет сату нарығындағы жаңа буын сервисін қалыптастыру. 2013 жылы құрылған және нарықтағы алғашқы әрі жетекші ойыншылардың бірі саналатын Freedom Travel компаниясына келсек, біз оның әрі қарай даму бағытында да ауқымды жұмыстар жүргіземіз. Әуе және теміржол билеттерінен бастап қонақ үй, турпакеттер және басқа да қызметтерге дейін барлық бағыттар бойынша мүмкіндіктерді күшейтуді жоспарлап отырмыз» Freedom Lifestyle бағытының бас директоры Алексей Ли

Freedom Travel компаниясының бұрынғы басшысы Аюна Вальтер Freedom Travel компаниялар тобының Бақылау кеңесіне кіріп, Кеңесші қызметіне тағайындалады. Ал Виктория Торгунакова Холдинг аясындағы жаңа бағыт – концерттік қызметті дамыту ісін басқарып, Event Tech бағытының Бақылау кеңесіне қосылады.

«Виктория Торгунакова мен оның салалық тәжірибесінің арқасында біз концерттер мен өзге де мәдени шараларды ұйымдастыруға қолдау көрсететін жеке бөлім қалыптастырамыз. Freedom Holding Corp. бүгінде қазақстандық және шетелдік әртістермен бірлесе жұмыс істеп, бірқатар ұйымдастырушыларға демеуші әрі тең ұйымдастырушы ретінде қолдау көрсетіп келеді. Біздің мақсатымыз – осы бағытты одан әрі нығайту» Алексей Ли

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -