Қазақстанда 21 жасқа дейінгі және 55 жастан асқан азаматтарға онлайн несие алу қиындайды

1320
Фотосурет: Артур Алескеров/Kursiv.media

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (Агенттік) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын (Қаулы жобасы) әзірледі, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қаулы жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту, қаржылық көрсетілетін қызметтерді  тұтынушылардың құқықтарын қорғау, байланыс және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды іске асыру үшін әзірленді.

Жобада:

  1. Интернет арқылы ресімделген, сомасы 150 АЕК-тен асатын кепілсіз тұтынушылық банктік қарыздарды банктік қарыз шартына қол қойылған сәттен бастап 24 сағаттан ерте емес және қарыз алушының келісімін, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ресімделген келісімді алғаннан кейін аудару;
  2. қарыз алушы күнтізбелік бір күн ішінде сомасы қосу нәтижесінде 150 АЕК-тен асатын бірнеше микрокредит алған жағдайда, банктердің тұтынушылық онлайн қарыздарды беруін «шешім қабылдау» бойынша;
  3. банктер мен микроқаржы ұйымдары кредитордың филиалда жеке өзі болған кезде алғаш рет 150 АЕК сомасында кредит алатын азаматтармен банктік қарыз (микрокредит) беру туралы шарттар жасасу бойынша;
  4. 21 жасқа дейінгі және 55 жастан асқан азаматтармен осындай шарт жасасуға олардың келісімін алғаннан кейін ғана тұтынушылық банктік қарыз (микрокредит) беру туралы шарт жасасу бойынша;
  5. банк және микроқаржы омбудсманы лауазымына сайлауға кандидаттардың мемлекеттік тілді білуін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының Қазтест анықтамасымен В2 деңгейінен төмен емес деңгейде растауы бойынша талаптарды белгілеу бөлігінде бақылау шараларын енгізу көзделеді.

Қаулы жобасының толық мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -