Оралдық ұландықтар үздік үштіктен көрінді

1595
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Жаңаөзен қаласындағы №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде ҚР Ұлттық ұланы “Батыс” өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдер арасында самбо күресінен біріншілік өз мәресіне жетті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Дәстүрлі турнирді 5548 әскери бөлімі жоғары деңгейде ұйымдастырды. Жарыстың басты мақсаты – әскери қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттап, дене дайындығы мен спорттық шеберлікті арттыру, сондай-ақ жауынгерлік рухты нығайту.

Ашылу салтанатына Жаңаөзен қаласы әкімінің міндетін атқарушы Жанабай Аймағанбетов, “Батыс” өңірлік қолбасшылығының дене дайындығы және спорт бастығы подполковник Бахтияр Қалдыбеков, сондай-ақ 5548 әскери бөлімінің командирі подполковник Марат Нұрмуратов қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Біріншілікке өңірлік қолбасшылыққа қарасты 5517 (Орал), 5546 (Атырау), 6655 (Ақтөбе), 6656 және 3502 (Ақтау), сондай-ақ 5548 (Жаңаөзен) әскери бөлімдерінің спортшылары қатысты.

Турнир барысында әскери қызметшілер өздерінің ептілігі мен күш-жігерін ортаға салып, жоғары деңгейдегі бәсекелестік көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте:

  • I орын – 6655 әскери бөлімі (Ақтөбе қаласы)
  • II орын – 6656 әскери бөлімі (Ақтау қаласы)
  • III орын – 5517 әскери бөлімі (Орал қаласы)

Оралдық ұландықтар үшін бұл нәтиже – тұрақты дайындық пен табандылықтың жемісі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы алғыс хаттармен және марапаттармен марапатталды. Енді үздік нәтиже көрсеткен спортшылар Ұлттық ұлан біріншілігінде “Батыс” өңірлік қолбасшылығының намысын қорғайтын болады.​​​​​​​

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -