Мемлекеттік қызметтердің цифрлануы: elicense.kz арқылы лицензия алу жеңілдеді

2101
Фотосурет: pexels.com

2025 жылдың қаңтарынан бастап elicense.kz платформасы арқылы 1,5 миллион мемлекеттік қызмет көрсетілді. Күн сайын бұл платформаны шамамен 30 мың адам пайдаланады – бұл лицензиялау және рұқсат беру саласындағы цифрлық құралдарға деген тұрақты сұранысты көрсетеді, деп хабарлайды DKnews.kz.

«Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қорының ақпараттық жүйесі Қазақстан Республикасының электрондық үкіметін қалыптастыру және дамыту бағдарламасы аясында құрылған. Жүйе лицензиялар мен рұқсат құжаттарын алу үдерістерін автоматтандырып, мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері арасындағы тиімді әрі ашық өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді.

Бүгінде жүйеде 4 миллионнан астам пайдаланушы тіркелген, олардың ішінде 3,8 миллионы – жеке тұлғалар, 255 мыңы – заңды тұлғалар.

2025 жылдың бірінші жартысында платформада төрт жаңа қызмет қолжетімді болды:

– Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру саласында, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін көрсетуге арналған білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру;

– Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру;

– Балаларға қосымша білім беру саласында қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама;

– Отандық шикізат тауарларының тізбесіне енгізілген шикізаттық тауарларды экспорттауға лицензия беру.

Elicense.kz платформасындағы ең сұранысқа ие қызметтердің қатарында:

– Жеке кәсіпкер ретінде қызмет бастағаны туралы хабарлама – 325 мың қызмет көрсетілді;

– Қазақстан Республикасы тасымалдаушыларына халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердің аумағы арқылы жүруге рұқсат беру – 132 мың қызмет;

– Клиникалық тәжірибеге жіберу үшін маман сертификатын беру – 104 мың қызмет.

Жүйе үнемі жетілдіріліп отырады: жаңа қызметтер қосымша салаларды қамтып, лицензия алу үдерісі азаматтар мен бизнес үшін жеңіл әрі жедел бола түсуде. «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ қағазбастылықты едәуір қысқартып, өтініштерді қарау мерзімдерін жылдамдатуға мүмкіндік берді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -