Жаңа кепілдіктер: Қазақстанда өмірді сақтандыру бойынша жинақтарды қорғау күшейтілді

1353
Фотосурет: Gov

Биыл 30 маусымда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау, байланыс және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) қол қойды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Заңда өмірді жинақтаушы сақтандырудың барлық түрлеріне Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының кепілдіктерін кеңейту көзделеді.

Өмірді жинақтаушы сақтандыру өнімдері  — бұл сақтандыру мен инвестициялауды біріктіретін қаржы құралдары. Олар сақтандыру мерзімі ішінде адамның өмірін қорғауға және сонымен бірге, мысалы, зейнеткерлікке, оқуға немесе ірі сатып алуға қаражат жинауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының кепілдіктері міндетті сақтандырудың барлық түрлеріне (жүктелген сақтандыруды қоспағанда), Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (МБЖЖ) шеңберінде жасалған сақтандыру шарттарына және зейнетақы аннуитеттік шарттарына қолданылады.

Өмірді жинақтаушы сақтандырудың барлық түрлеріне Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының кепілдіктерін кеңейту азаматтардың жинақтарының сақталуын қамтамасыз етуге және олардың кірістерін арттыруға ықпал ететін болады.

Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -