Маңғыстау облысында депутаттар Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдеріндегі жағдаймен танысты

1694
Фотосурет: Gov

Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан бастаған депутаттар тобы теңіз жаяу әскерлерінің жеке бригадасында және әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөліміндегі қызмет өткеру үшін жасалған жағдайларды зерделеді, деп хабарлайды DKnews.kz.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Бауыржан Артықов келушілерді әскери бөлімдердің инфрақұрылымымен, қару-жарақпен, техникамен және жарақтандырылумен таныстырды.

 – Біз үшін заң шығару жұмысын оның практикалық іске асырылуымен байланыстыру маңызды. Дәл осындай кездесулер қабылданған нормалар елдің егемендігі мен оның аумақтық тұтастығын қорғауға бағытталған армияның қазіргі жағдайлары мен қажеттіліктерін қаншалықты ескеретінін түсінуге көмектеседі, – деп нақтылады бейінді комитет төрайымы.

Мұндай мүмкіндік мәжілісмендерге жеке құраммен кездесу барысында ұсынылды. Депутаттар әскери қызметшілерді зейнетақымен қамсыздандыру мәселелеріне, қызмет кезінде де, запасқа шығарылғаннан кейін де сарбаздар үшін қолданыстағы жеңілдіктерге қатысты қабылданған заңнамалық нормалар туралы айтты. Тікелей қарым-қатынас арқылы кездесуге қатысушылар толғандырған сұрақтарға толық жауап ала алды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -