Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) 10-сынып оқушысы Ғабитқызы Адеми Азияның ең беделді жоғары оқу орындарының бірі — Гонконг Білім беру университетінен (EdUHK) ресми шақырту алды. Аталған университет білім беру технологиялары мен жасанды интеллект саласына маманданған, деп хабарлайды DKnews.kz.
Адеми Гонконгқа жасаған сапары барысында университет басшылығымен және профессорларымен, соның ішінде ИИ саласындағы жетекші мамандармен кездесті:
- Dr. Gary Cheng — LTTC атқарушы тең-директоры, доцент
- Dr. Henry So — LTTC директорының орынбасары, аға оқытушы
Ғалымдар қазақстандық оқушының терең білімі мен ойлау қабілетіне ерекше тәнті болды. EdUHK өкілдері Адемидің білім деңгейі мен логикалық ойлауын жоғары бағалап, бұл жетістік тек жеке қабілеттің ғана емес, Қазақстандағы сапалы білім беру жүйесінің айғағы екенін атап өтті.
«Біз оның білім деңгейіне, логикасына және жастайынан қалыптасқан ойлау қабілетіне шын мәнінде таңдандық», — деп бөлісті университет өкілдері, қазақстандық оқу орындарымен ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін білдірді.
Адемидің осы жетістігінің арқасында Гонконгтағы ғылыми қауымдастық қазақстандық оқушылар жайлы жаңа қырынан танып, РФММ-дегі зияткерлік орта мен ұстаздардың еңбегі ерекше атап өтілді.
Адемиді осы лайықты жетістігімен құттықтаймыз! Бұл жеңіс — бүкіл еліміздің абыройы мен жас буынға үлкен шабыт көзі!