Елордалық зілтемірші Аңсар Тұрсымбек Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында екі бірдей күміс жүлде иеленді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Астанада өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жақындап келеді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Қазақстан ерлер құрамасының сапында елордалық спортшы Аңсар Тұрсымбек +94 келіден жоғары салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады.
Аңсар серпе көтеру бағдарламасында 182 келі және қоссайыс нәтижесінде жалпы 326 келіні (144+182) бағындырып, жасөспірімдер арасындағы додада қос күміс жүлдені жеңіп алды.
Бұл сында бірінші орынға 334 келімен (151+183) Оңтүстік Корея өкілі Инхок Ким ие болса, үшінші орын 324 келімен (152+172) Өзбекстан өкілі Хусонбай Халмуратовқа бұйырды.