Backstreet Boys концертіне билеттер Астанада қашан сатылады және бағасы қанша?

2079

Астанада 21 қыркүйекте өтетін Backstreet Boys тобының концертіне билеттердің сатылымы 2025 жылғы 14 шілдеге жоспарланған. Концерттің билет операторы – Freedom Ticketon. Билеттердің бағасы 40 000 теңгеден 165 000 теңгеге дейін болады, деп хабарлайды DKnews.kz. 

АҚШ-тың әйгілі Backstreet Boys тобының еліміздің астанасында өтетін концертіне билеттердің алдын ала сатылымы 14 шілде күні сағат 12:00-де басталады. Билеттерді тек Freedom SuperApp қосымшасының “Сервистер” – “Афиша” бөлімінен эксклюзивті форматта сатып алуға болады. Алдын ала сатылым 24 сағатқа созылады. Қосымша арқылы билет сатып алған көрермендер төлем құнының 22%-ына дейін кэшбек ала алады.

Ал концерт билеттерінің жалпы сатылымы 15 шілде күні сағат 12:00-де ашылады. Билеттерді Freedom SuperApp қосымшасы арқылы да, Ticketon.kz сайтынан да алуға болады. Төлемнің 10 түрлі тәсілі, соның ішінде бөліп төлеу форматы да қолжетімді. Ұйымдастырушылар билеттердің қайтарылмайтынын ескертіп, сатып алу кезінде мұқият болуға кеңес береді. Бір адамға 10 билетке дейін сатып алу мүмкіндігі бар.

Еске салсақ, 8 шілде күні Backstreet Boys тобының ресми сайтындағы концерт кестесі бөлімінде Қазақстанның Астана мен Алматы қалалары пайда болған еді. Алматыда концерт 19 қыркүйекте Орталық стадионда, ал Астанада – 21 қыркүйекте Astana Arena базасында өтеді. Astana Arena – Орталық Азиядағы ең үздік стадиондардың бірі. Аренадағы жылжымалы шатыр кез келген ауа райында концерттер өткізуге мүмкіндік беріп, көрермендер, әртістер мен ұйымдастырушылар үшін жайлылықты қамтамасыз етеді. 

Backstreet Boys алғаш рет Қазақстанға келмекші. Алматыдағы концерттен бұрын олар Бразилияның Сан-Паулу қаласында өнер көрсетеді, ал Астанадағы шоудан кейін екі айлық үзіліс алады. Қазақстандағы шоулардан кейін бойз-бэндті 6 желтоқсанда Австрияның Шладминг қаласы күтіп тұр.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -