2022 жылғы қаңтар оқиғасына қатысы бар күдікті Дубайдан Астанаға экстрадицияланды

2508
Фотосурет: Gov

Қылмыстық топ басшысы А.Жұмагелдиевтің сыбайласы Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды, деп хабарлайды DKnews.kz.


 
Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің қолдауымен Дубай қаласынан А.Жұмагелдиевтің қылмыстық тобының сыбайласы экстрадицияланды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (@prokuratura.govkz)

Ол 2022 жылғы 5-7 қаңтар аралығында Алматы қаласында Жұмагелдиевтің бандалық құрамында жаппай тәртіпсіздіктерге белсене қатысқан деген күдікке ілінді.

Қылмыстар жасалғаннан кейін күдікті жасырынған және шамамен үш жыл бойы халықаралық іздеуде болған, кейіннен Біріккен Араб Әмірліктері аумағында ұсталған.

Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.

Оған тағылған қылмыстар бойынша он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы көзделген.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -