Еңбек инспекциясы 882 млн теңге көлемінде жалақы қарызын анықтады

2552
Фотосурет: freepik.com

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 23 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады, деп хабарлайды DKnews.kz.

2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 92 кәсіпорны 2,1 мыңнан астам жұмыскерге 882 млн теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 3,6 мыңға жуық фактісі анықталды.

Жалақы бойынша берешегі және еңбек құқығының бұзылуы анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 1 951 ұйғарым берілді және 233 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде
2 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 755,4 млн теңге төленді.

Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында.

2025 жылғы 1 шілдедегі деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 2 941 тексеру жүргізді, оның барысында 3 608 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында – 2 973; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 616; халықты жұмыспен қамту бойынша – 19.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 21 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -