«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде жергілікті соттарда әкімшілік бұзушылықтар туралы істер бойынша көрсетілім сот процестері ұйымдастырылды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Іс - шараның мақсаты құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған.
Көрсетілім сот процестеріне көлік басқару құқығынан айырылған жүргізушілер, отбасы тұрмыстық зорлық-зомбылық құқық бұзушылықтарын жасаған және қорғау нұсқамасы шығарылған тұлғалар қатысты.
Мәселен, көлік басқару құқығынан айырылған жүргізушілерге Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотының 18.06.2025ж. қаулысымен көлік басқару құқығынан айырылған тұлға қайта көлік жүргізгені үшін он тәулікке қамаққа алу туралы сот процесі көрсетілді.
Мұндай процестер тұрақты, апта сайын жүргізілетін болады.