Ауылдық жерде инфрақұрылымдық және аграрлық жобаларды жүзеге асыру

1452
Фотосурет: Сенаттың Баспасөз қызметі

Сенат депутаттары Ольга Перепечина мен Әсем Рахметова Солтүстік Қазақстан облысындағы М.Жұмабаев атындағы ауданда болды және тұрғындармен кездесті. Сапар аясында осы аудандағы инфрақұрылымдық және аграрлық жобаларды жүзеге асыру барысымен танысты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Сенаторлар Булаево қаласында жол құрылысы жұмысының барысымен танысты. Депутаттар негізгі учаскелерді көріп шықты және мердігерлік ұйымдармен кездесті. Жүздесулерде белгіленген жұмыстар кесте бойынша атқарылып келе жатқаны және техникалық стандартқа сәйкес орындалатыны атап өтілді. Сенаторлар күрделі жөндеу жүріп жатқан сәбихана мен балабақшада және  жергілікті орта мектепте болды.

«Балаларға жайлы білім беру ортасын қалыптастыруға және олардың сапалы білімге теңдей қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндеттіміз. Қарқынды дамып келе жатқан әлемде жаңа ұрпақты болашақтағы ықтимал қауіп-қатерге дайындау аса маңызды», - деді Ольга Перепечина.

Депутаттар Совет ауылында ірі инвестициялық жоба – «СК Агро 2050» ЖШС базасындағы сүт-тауар фермасында болды. Кешен 10 000-ға дейін ірі қара малды ұстауға арналған. Бұл аймақтағы ең үлкен көрсеткіш болып отыр. Жоба кәсіпорынның несие қаржысы мен меншікті капиталы есебінен қаржыландырылып отыр. Инвестицияның жалпы сомасы шамамен 5 млрд теңгені құрайды.

«Бүгінгі таңда ауыл тұрғындарының алдында тұрақты және лайықты ақы төленетін жұмысқа орналасу мүмкіндігі бірінші орында тұр. Бұл деңгейдегі жобалар жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне үлес қосады. Ол бүкіл республика бойынша кеңінен қанат жаюы тиіс», - деп атап өтті Әсем Рахметова.

Сенаторлар Булаев қаласындағы мәдениет үйінде азаматтарды қабылдады. Тұрғындар ауылдарды газдандыру және сумен қамтамасыз ету, жедел жәрдем көлігінің болуы, кентішілік жолдардың жай-күйі, сондай-ақ хоккей кортының үстіне шатыр тұрғызу қажеттігі туралы мәселелерді айтты. Барлық өтініштер депутаттардың бақылауына алынып, оларды шешу мақсатында тиісті тапсырмалар берілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -