450 сарбаз салтанатты түрде әскери ант қабылдады

1639
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Қарағанды қаласында орналасқан ҚР ІІМ Ұлттық ұланының "Орталық" өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505 әскери бөлімінде әскери ант қабылдау салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен келген 450-ге жуық жас сарбаз қатысты.

Бұл сәт олардың әскери өмірдегі алғашқы қадамы және Отан алдындағы қасиетті борыштарын атқарудың бастауы болды. Әскери ант — әр жауынгер үшін үлкен жауапкершілік пен адалдықтың символы. Салтанатты шарада сарбаздар Қазақстан Республикасы мен оның халқына жанқиярлықпен қызмет етуге дайын екендіктерін ресми түрде мәлімдеді.

Айтулы рәсімге сарбаздардың ата-аналары, туыстары мен жақын достары шақырылды.

Әскери бөлімнің командирі полковник Мақсат Қырғызбаев пен шақырылған қонақтар әскердегі қызмет — құрметті және маңызды міндет екенін атап өтіп, сарбаздарға жылы лебіздерін білдірді.

Әскери ант қабылдау сәті әр сарбаздың жүрегінде мәңгі қалады. Отан қорғаушы болу – батылдықты, табандылық пен адалдықты талап ететін асыл миссия Полковник Мақсат Қырғызбаев

Сондай-ақ, дарынды сарбаздар патриоттық әндер орындап, қонақтарға концерттік бағдарлама ұсынды.

Іс-шара соңында бөлім командирі ата-аналарымен жүздесіп, сұрақтарына жауап берді. Ант қабылдаған сарбаздар жақындарымен уақыт өткізуге босатылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -