Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшісі тай боксынан CISM әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

1859
Фотосурет: Gov

Таиландтың астанасы Бангкокта тай боксынан әскерилер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды DKnews.kz.

Әлем біріншілігіне Таиланд, Шри-Ланка, Сауд Арабиясы, Түркия, Польша, Иран, Қазақстан, Өзбекстан, Пәкістан, Бахрейн және Бельгиядан келген 80-нен астам спортшы қатысуда.   

ҚР Қарулы күштері Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшісі лейтенант Жандос Мадехиянов еліміздің атынан барған жалғыз спортшы болды.

Қазақстандық жалғыз барса да, жәй жауынгер еместігін дәлелдеді. Тартысты жекпе-жекте Жандос Мадехиянов 60 келіге дейінгі салмақта үшінші орын еншілеп, елге қоламен оралып жатыр.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -