Тоқаев Абдығали Қаймолдиннің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

1463
Фотосурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Ұлы Отан соғысының ардагері Әбдіғали Қаймолдиннің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды DKnews.kz.

instagram.com/berikuali

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысының ардагері, «Халық қаһарманы» Әбдіғали Қаймолдиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

«Әбдіғали Қаймолдин жастай майдан даласына аттанып, ерен ерлігімен жеңісті жақындатуға зор үлес қосқан батыр тұлға болды. Бейбіт кезеңде мемлекеттік және қоғамдық істерге белсене араласып, ел игілігі жолында ұзақ жыл қызмет етті. Ғасыр жасап, соңына өнегелі жол қалдырған Әбдіғали Қаймолдиннің жарқын бейнесі мен есімі ұмытылмайды. Иманы саламат, жаны жаннатта болсын» Қасым-Жомарт Тоқаев

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -