Қазақстанның ресурс қоры: алтын, мыс пен көмір қанша жылға жетеді?

1386
Фотосурет: freepik.com

Қазақстан — жер қойнауы бай, табиғи ресурстары мол, пайдалы қазбалар қоры жағынан ерекше ел, деп хабарлайды DKnews.kz.

Соңғы деректерге сәйкес, қазіргі өндіру көлемін ескерсек, негізгі пайдалы қазбалармен қамтамасыз етілу мерзімі мынадай:

  • Алтын — 30 жыл
  • Мыс — 38 жыл
  • Қорғасын — 156 жыл
  • Темір кендері — 957 жыл
  • Көмір — 350 жыл

Сол сияқты тұрақтылық марганец, титан, молибден және басқа да стратегиялық маңызды пайдалы қазбалар бойынша да байқалады.

Бұл – қазбаларды ұтымды пайдаланып, геологиялық барлау жұмыстарын жүйелі жүргізу арқылы Қазақстан өз ресурстық әлеуетін сақтап қана қоймай, жаһандық шикізат нарығындағы орнын одан әрі нығайта алады деген сөз.

⚒ Ресурстық база тұрақтылығы – инвестиция тартудың, тау-кен өнеркәсібін дамытудың және елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі тірегі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -