Өскемен қаласының орталығында күн сайын басқаларды құтқару жолында өз өмірін қатерге тігетін адамдарға арналған жаңа арт-объект пайда болды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Азаматтық қорғау органдарының 30 жылдығына орай мурал қаланың ең қарбалас аудандарының бірінде көпқабатты тұрғын үйдің қасбетін безендірді.
Көркем композиция құтқарушылар жұмысының негізгі сәттерін көрсетеді: өртті сөндіру, төтенше жағдайларда адамдарды құтқару. Суреттер жұмыстың динамикасы мен шиеленісін ғана емес, сондай-ақ осы асыл мамандық өкілдерінің батылдығын, жанқиярлығы мен адамгершілігін де білдіреді.
Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Өскемен қаласы әкімдігінің қолдауымен муралды құруға бастамашы болды. Жобаны жүзеге асыру үшін суретшілер бірнеше күн бойы жұмыс істеп, әр бөлшекке ерекше мән берді.
«Бұл мурал тек қалалық ортаны безендіру ғана емес, бұл құтқарушылардың күнделікті ерлігі туралы көрнекі еске салу және олардың еңбектері үшін терең алғыс білдіру» ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов
Мурал қала тұрғындарының назарын аударады, құтқарушының жұмысына деген құрметті қалыптастырып, игі мамандықты насихаттайды.