«Саламатты Қазақстан» пойызымен 29 дәрігер Мартөкке келді

1496
Фотосурет: Gov

14 шілде күні таңертең «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Ақтөбе облысының Мәртөк ауданына келіп жетті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Екі күн – 13 және 14 шілде күндері – мартөктіктер білікті дәрігерлерден тегін кеңес алып, тексерістен өте алады.

Ауыл тұрғындары үшін бұл – тар бейінді мамандардан кеңес алып, диагностикадан өту үлкен мүмкіндігі.

Медициналық пойыз Ақтөбе облысының шалғай ауылдарын аралап жүр. Бағытқа Шұбарқұдық, Қарашоқат, Қотыртас, Қандыағаш, Мартөк, Ақкемер және Кемпірсай елді мекендері кіреді.

Пойыз құрамында 29 дәрігер жұмыс істейді: терапевт, хирург, педиатр, кардиолог, невропатолог, ЛОР, офтальмолог, стоматолог, гинеколог, уролог, психолог және функционалды диагностика мамандары. УДЗ, ЭКГ, флюорография, гастроскопия, зертханалық талдаулар жасалады, қажет болған жағдайда шағын хирургиялық операциялар да жүргізіледі.

«Саламатты Қазақстан» жобасының мақсаты – шалғайдағы ауыл тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсету. Ауылдан қалаға шықпай-ақ, адамдар тексеріліп, қажетті ем-дом ала алады.

Сонымен қатар пойызда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның заңгерлері мен медиаторлары да халыққа кеңес беріп жатыр. Олар әлеуметтік төлемдер, еңбек даулары, жер мәселелері мен басқа да құқықтық сұрақтар бойынша тегін көмектерін көрсетуде.

Мартөктен кейін пойыз Ақкемер мен Кемпірсай ауылдарына аттанып, шілде айының соңына дейін өз жұмысын жалғастырады.

«Саламатты Қазақстан» пойызының барлық дәрігерлері мен мамандарына алғысымыз шексіз! Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында Мартөк халқы сапалы медициналық қызметке қол жеткізіп отыр. Жұмыстарыңыз табысты болсын!

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -