2025 жылғы 15 шілдеде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.
Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және оны қолданысқа енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды Akorda
Құжат салық заңнамасын өзектендіруге, қайталанатын нормаларды алып тастауға және нысаналы салықтық шараларды енгізуге бағытталған. Сонымен қатар, түзетулер тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және су ресурстары салаларындағы өзге де заңнамалық актілерге қатысты нормаларды қамтиды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.