Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бұйрығымен Ерлан Дакенов Ерғазыұлы Мәдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды DKnews.kz.
1977 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін, Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетті бітірген.
- 2000–2008 жылдары – «Ақтоғай Транспорт компаниясы» ЖШС менеджері, заңгері.
- 2008–2012 жылдары – Астана қаласының Мәдениет басқармасы «Тәуелсіздік сарайы» МКҚК кадр бөлімінің қоюшы-режиссері, продюсер маманы, баспасөз хатшысы, инспектор - аға маманы.
- 2012–2016 жылдары – ҚР Мәдениет министрлігі Мәдениет комитеті «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрі» РМҚК директоры.
- 2016–2019 жылдары – ҚР Мәдениет министрлігі «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК директорының орынбасары.
- 2019–2023 жылдары – Астана қаласы әкімдігінің «Мемлекеттік академиялық филармония» МКҚК бас директоры.
- 2023 жылғы тамыздан бастап соңғы тағайындауға дейін Астана қаласы әкімдігінің «Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония» МКҚК бас директоры.