Қазақстан су қоймалары мен бөгеттердің қауіпсіздігін күшейтуде

1705
Фотосурет: Gov

Су ресурстары және ирригация министрлігі 29 гидротехникалық нысанға көпфакторлы зерттеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды DKnews.kz.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» мекемесі 29 гидротехникалық нысанға көпфакторлы зерттеу жүргізіп, 42 нысан бойынша қауіпсіздік декларацияларын әзірлеп жатыр. 

Облыс әкімдіктері қазіргі таңда 19 гидротехникалық нысанға көпфакторлы зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгінде Ақмола, Маңғыстау және Павлодар облыстарындағы үш нысанда жұмыстар аяқталды. Ал Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында зерттеу жалғасуда.

Су саласын дамытудың кешенді жоспары аясында биыл әкімдіктер 10 облыста 105 гидротехникалық нысанды зерттеуді жоспарлап отыр. Олар: Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Жалпы 2028 жылдың соңына дейін 557 гидротехникалық нысанға зерттеу жүргізу жоспарланған. Көпфакторлы зерттеу объектінің және оның жабдықтарының техникалық жағдайын, сондай-ақ қажет болатын жөндеу жұмыстарының көлемі мен түрлерін нақтылауға мүмкіндік береді. Былтыр Су ресурстары және ирригация министрлігі 14 облыста 84 нысанда көпфакторлы зерттеу жүргізді. Бұл жоспарланғаннан да артық» Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -