2025 жылғы маусымда Қазақстанда не және қай жерде қымбаттады?

1628
Фотосурет: freepik.com

Қазақстанда қызметтер мен азық-түлік бағасы өсуді жалғастыруда, деп хабарлайды DKnews.kz.

Маусым айында елде жылдық инфляция 11,8% (мамырда – 11,3%) болды.

18 өңірде жеделдеген жылдық инфляция 1 өңірде баяулап, тағы 1 өңірде бұрынғы деңгейін сақтап қалды.

Маусым айында азық-түлік бағасының өсімі жылдық мәнде 10,6%-ға дейін (мамырда – 9,6%) барды. Осы топқа жататын тауарлар бағасы Ақмола облысында (12,5%) – жоғары өсімді, Алматы қаласында (8,7%) – аз өсім көрсетті.

Маусым айында азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу көрсеткіші жылдық мәнде 9,4% (мамырда – 9,0%) болды. Ең жоғарғы мән – Түркістан облысында (12,5%), ең төменгі мән – Павлодар облысында (6,3%) тіркелді.

Маусым айында ақылы көрсетілетін қызметтер құны жылдық мәнде 16,1%-ға дейін (мамырда – 16,0%) өсті. Сонымен қатар, бағаның жалпы республикалық деңгейден төмен өсімі Маңғыстау облысында (10,1%) байқалды.

Маусым айында ел аумағындағы айлық инфляцияның өсімі 0,8% болды.

Толық ақпарат Ұлттық Банктің интернет-ресурсында

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -